Бас прокуратураның бұрынғы қызметкері омбудсмен болып тағайындалды

Оның кандидатурасын Тоқаев ұсынып, сенат депутаттары бір ауыздан мақұлдады


29/12/2022
16:07 35836 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Бас прокуратураның бұрынғы қызметкері Артур Ластаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалды. Оның кандидатурасын президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынып, сенат депутаттары бір ауыздан қолдады. 

 

39 жастағы Артур Ластаев бұған дейін бас прокуратураның халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы, бас прокуратураның Еуропадағы өкілі, Қазақстанның Швейцариядағы елшісінің кеңесшісі және т. б қызметтер атқарған. 

 

Артур Ластаев қызметтік жолын Алматы қаласынан бастаған. Ол 2006 жылы Бостандық ауданық прокурорының көмекшісі болған. 

 

Бұған дейін Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова болған. Ол бүгін конституциялық сот төрағасы болып тағайындалды. 

 

Қазақстанда биыл омбудсменнің өкілетін кеңейтетін және аймақтардан өкілдігін ашуға мүмкіндік беретін заң қабылданған. Заңға сәйкес, омбудсмен конституциялық сотқа адам құқығы және еркіндігі бойынша нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігі мәселелері бойынша жүгіне алады. Сонымен бірге мемлекеттік органдар, мекемелер мен азаматтар арасындағы дауларды реттеу бойынша қоғамдық диалогтарға қатыса алады. 

Заң бойынша, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мемлекеттік органдарға есеп бермейтін тәуелсіз орган болуы тиіс. Оны куәгері ретінде тергеуге болмайды. 

Бұған дейін құқық қорғаушылар Астананы адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілетіне қатысты түзетулерді жетілдіруге шақырған. Олар омбудсменді сайлау мен оның өкілетін тоқтату тәртібін жетілдіруді, тиіспеушілік мәртебесін оның орынбасарлары мен қызметкерлеріне де беруді ұсынған. Ресми ақпарат бойынша, заң жобасында Еуропа комиссиясының сессиясында берілген рекомендациялардың 50 пайызы ескерілген. 

Құжатқа сәйкес, Қазақстанның 17 аймағында адам құқықтары жөніндегі өкілдік ашылған. Оған 2,4 млрд теңге бөлінген.

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

29/12/2022 16:07
35836 0

Уведомление